▪️Жаңақорған аудандық сотында Е.-ге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

▪️Іс құжаттарына сәйкес, Е. көп қабатты үйдің артында, яғни қоғамдық орында жәбірленуші У.-ға былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған әрекеттерді жасаған.
 
▪️Сот отырысында оның әрекеті өзінің кінәсін мойындап берген түсініктемесімен және жәбірленушінің түсінгімен, іс құжаттарымен бекітілді.
 
▪️Сот қаулысмен Е. аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, оған  60550 теңге көлемінде  әкімшілік айыппұл салынды.

Жаңақорған аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған