▪️Қызылорда облыстық сотында соттардың жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар өткізілді.
 
▪️Семинарға Департаменттің бөлім басшылары мен мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттардың сот әкімшісі басшылары мен мамандары қатысты.
 
▪️Семинарды Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
 
▪️Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бас маман Б.Қошанов ақпараттық қауіпсіздік саласы бойынша киберқауіпсіздік және деректерді қорғау, мемлекеттік органдардағы ақпараттық қауіпсіздік ережелері тақырыбында баяндама жасап, ақпараттық қауіпсіздіктің маңыздылығына тоқталып, бірқатар мәселелерді тілге тиек етті.
 
▪️Сонымен бірге, баспасөз қызметі бөлімінің басшысы А.Смагамбетова құрылымдық бөлімдердің ақпараттық қамтамасыз етудегі өзара әрекеттесуі және соттардың ақпараттық жұмысы бойынша баяндама жасады.
 
▪️Құжат айналымы бөлімінің басшысы А.Әбілқасымқызы «е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай жүйесінің тиісті деңгейде жүргізілуі, шағымдардың уақытылы өңделуі мен өзге жүйеге көшірілуі мәселелеріне тоқталып өтті.
 
▪️Семинар соңында қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған