Жаңақорған аудандық сотында азамат Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Анықталғандай, Б.-ның кәмелет жасқа толмаған ұлы кешкі уақытта жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра, көлік басқарған.

Осылайша, Б. ата-ана ретінде кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді,кәмелетке толмаған баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамаған.

Сотта істі қарау барысында Б.кінәсін мойындап, көлікті басқаруға өзі бергенін көрсетті.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 86 500 теңге айыппұл салынды.

Жаңақорған аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған