Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде АКАӘПТЖББ психологы, әділет майоры А. Мырзалының ұйымдастыруымен шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар арасында «Суицидке жол жоқ» және «Арт-терапия» тақырыптарында психологиялық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында суицидтің алдын алу, өмірдің құндылығын түсіндіру және қиын жағдайларда психологиялық қолдау көрсету бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тақырыпқа сай бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар қатысушылар арт-терапия әдісі арқылы өз ойлары мен эмоцияларын сурет салу арқылы бейнелеп, шығармашылық тапсырмалар орындады. Аталған жұмыс сотталған азаматтардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға, ішкі сезімдерін еркін жеткізуге және жағымды көңіл күй қалыптастыруға бағытталды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған