Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференция­сының пленарлық отырысына қатысып, жиынға еліміздің барлық аймағынан келген ұлағатты ұстаздарды құттықтады. Оқу-ағарту саласындағы кадр тапшылығын жойып, ұстаздардың біліктілігін көтеруге, аймақтар арасындағы білім сапасына қатысты алшақтықты жоюға, жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізуге, балаларды қорғау және олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға, тәрбиеге баса мән беруге арнайы тоқталды.

Қызылорда облысы үшінші жыл қатарынан Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа баллы жөнінен республикада бірінші орынды иеленді. Мектеп бітіруші 10 340 түлектің 10 140-ы немесе 99,55 пайызы ҰБТ-ға қатысты. Орташа балл 74,90, 100 және одан жоғары балл жинағандар саны 1 616 немесе 16 пайыз.

Кейінгі төрт жылда бұрынғы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен білім саласына аймақ бюджетінің 45 пайызы бағытталды. Саланың инфрақұрылымы қарқынды дамып, осы уақытта жаңадан бой көтерген білім беру, қосымша білім беру мекемелерінің саны 46-ға жеткен. Олардың қатарында мектептер, балабақшалар, Оқушылар сарайлары, Өнер мектептері, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық, «Ai-kerim» оқу-сауықтыру орталықтары, Ботаникалық бақ сияқты нысандар бар.

Президент аймақтар арасындағы білім сапасына қатысты алшақтық жайлы сөз қозғағанда, Ұлттық бірыңғай тестілеудің биылғы нәтижелерін атап өтті.

– Мәселен Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының, сондай-ақ, Астана және Алматы қалаларының түлектері жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Президент Әкімшілігіне Үкіметпен бірлесіп, төмен нәтиже көрсеткен облыстарға нақты көмек көрсетуді, мысалы, арнайы талдау жүргізуді тапсырамын. Ал Үкімет білім жүйесінің тиімділігін арттыра түсетін жан-жақты зерттелген шешімдер ұсынуға тиіс. Бұл мәселеде жетістікке ие болған мектептер мен даму институттарының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланған жөн, – деді Мемлекет басшысы.

ӨңірТестілеуге қатысқандар 5 пән бойынша орташа балл
  Саны% 
1Қызылорда облысы1014099,5574,90
2Алматы қаласы1807197,4874,59
3Астана қаласы1450897,9974,05
4Солтүстік Қазақстан облысы337499,0672,94
5Павлодар облысы514398,6471,58
6Қостанай облысы443798,3671,42
7Жетісу облысы722999,2971,36
8Шығыс Қазақстан облысы446498,4870,93
9Жамбыл облысы1217798,7470,56
10Абай облысы549798,7270,46
11Ақмола облысы614998,9570,39
12Батыс Қазақстан облысы730699,2970,25
13Маңғыстау облысы912999,0169,03
14Қарағанды облысы793698,6968,81
15Шымкент қаласы1384998,5868,63
16Алматы облысы1781698,6467,99
17Ақтөбе облысы1040599,2867,58
18Атырау облысы752998,9466,96
19Ұлытау облысы178499,2265,54
20Түркістан облысы2972398,3064,83
 Республика бойынша19666698,6169,76

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған