Сайлау күні шаңырақ көтеріп, өмірлеріндегі ең маңызды күндердің бірін ел тағдырымен байланыстырып отырған жас отбасы үшін бұл күннің орны ерекше. Жас жұбайлар Таубай Айтуған мен Жанна Нұрдәулетқызы отбасылық өмірлерін жаңа бастап қана қоймай, азаматтық жауапкершіліктерін де танытып, өз таңдауларын жасады. Бұл – ел болашағына деген сенім мен ортақ жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Ақ некелі жас шаңыраққа зор бақыт, береке мен баянды ғұмыр тілейміз! Елмен бірге еңселері биік, келешектері кемел, болашақтары жарқын болғай!