2024 жылы аудан орталығындағы Әйтеке би көшесіне мердігер мекеме – «Строй­модуль­Астана» жауапкершілігі шектеулі серік­тес­тігі та­ра­пынан қайта жаңғырту жұмыстары жүргі­зілген болатын. Алайда асфальт қабаты­ның са­пасыз төселуіне байланысты аталған көше­нің жабын­дысы қысқа мерзімде жарамсыз күйге түсті.

Қазіргі таңда мердігер мекеме өз қаражаты есебінен көшені қайта асфальттау жұмыстарын бастады.

Әйтеке би көшесінің сапасыз жөнделгені жөнінде тұрғындар тарапынан бірнеше рет өтініштер түскен болатын. Бұл мәселе облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей бақы­лауында болып, мердігер мекемеге жолды өз қаражаты есебінен сапалы қайта жөндеу жөнінде нақты тапсырма берілген болатын.

Бүгінде жол құрылысының сапасы аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тұрақты бақы­лауында. Аудан басшысы тиісті сала мамандарымен бірге жүргізіліп жатқан жұмыстарды күнделікті қадағалап, мердігерге жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімде әрі сапалы аяқтап, тұрғындар игілігіне беру қажеттігін ескертті.

Жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында биыл аудан орталығында 16 көшеге ағымдағы жөндеу мен Жанқожа батыр көшесіне айналма жол салу жұмыстары жүргізілуде.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған