Арал ауданындағы «Аралтұз» акционерлік қоғамының қызметкерлері референдумға бір мезетте қатысып, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті. Тұз өндірісінде еңбек ететін жұмысшылар дауыс беру арқылы ел болашағына бейжай қарамайтынын білдірді. Аралтұз акционерлік қоғамы өңіріміздегі ірі өндіріс орындарының бірі. Кәсіпорында 1200-ге жуық тұрғын жұмыс жасайды.

-Біз бүгін ұжымымызбен бірге референдумға келіп, дауыс бердік. Әр азаматтың өз таңдауын жасап, елдің дамуына үлес қосуы маңызды деп санаймын. Сондықтан жұмыс орнымыздан кейін арнайы келіп, азаматтық борышымызды орындадық. Еліміз аман, халқымыз бірлікте болсын»-деді ауысы шебері Сынаев Бауыржан.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған