Референдум барысында денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар комиссия арқылы өтініш қалдырып, үйден дауыс беруде.

Арнайы жылжымалы референдум жәшіктерімен референдум комиссиясының мүшелері әр үйге барып, тұрғындардың таңдау жасауына жағдай жасап отыр. Бұл шара — әрбір сайлаушының конституциялық құқығын толық іске асыруға бағытталған.
Үйде дауыс беру процесі де жалпы тәртіпке сәйкес жүргізілуде. Комиссия мүшелері бюллетеньдерді сайлаушыға табыстап, дауыс беру құпиялығы қатаң сақталуын қамтамасыз етуде.

Айта кетейік, дауыс беру 20.00-ге дейін жүзеге асады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған