Референдум күні дауыс беруші азаматтар үшін бірнеше платформалар іске қосылған. Соның бірі – тізімде мүлдем жоқ азаматтарды уақытша тіркеу.
Қызылорда қаласында 5 арнайы учаске жабдықталған. Мұнда Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жұмыс жасауда. Яғни дауыс берушілер тізімінде жоқ азаматтарды уақытша тіркеп, оларға дауыс беруге жағдай жасап отыр.

  • Біздің №198 референдум учаскесінде онлайн сервис арқылы 13 азамат уақытша тіркеліп, олар дауыс берді. Жеке куәлігін көрсету арқылы мүлдем тіркеуде болмаған азаматтар онлайн сервис көмегімен уақытша тіркелуде,-деді комиссия төрағасы.
    Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қызылорда қаласындағы 5 учаскеде 44 азамат уақытша тіркеліп, дауыс берген.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған