Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының өкілдері Қазалы сигнализация және байланыс дистанциясы мекемесінің ұжымымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Ата заң жобасының мазмұны мен негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді.

Жиында аумақтық коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасының ерекшеліктеріне тоқталды. Оның айтуынша, құжатта саяси институттардың атауын өзгертуге емес, елдің стратегиялық даму бағыттарын жаңартуға басымдық берілген.

Сондай-ақ жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселелер қарастырылғаны айтылды. Құжаттың бір бөлімі адам капиталын дамыту тақырыбына арналған.

Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары түсіндіріліп, пікір алмасу өтті. Сонымен қатар жобаның қоғамдағы реформалар мен мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты тұстары талқыланды.

Іс-шара соңында мекеме қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, ұсынылған конституциялық өзгерістер туралы ойларымен бөлісті.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған