▪️Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат
С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Іс құжаттарынан анықталғандай, құқық бұзушы С. көше қиылысында темекі тұқылын жерге тастап, ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластаған.
▪️Құқық бұзушы С.-ның іс-әрекеті оның түсінігімен және іс құжаттарымен бекітілген.
▪️Сот қаулысымен С. ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 27 524 теңге айыппұл салынды.
Сырдария аудандық соты