▪️Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен азаматша Г.-ға қатысты іс қаралды.

▪️Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша Г.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған туған ұлы көлік құралын басқаруға құқығы жоқ күйінде басқарған.

▪️Осылайша, азаматша Г. тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, ұлының әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекетке жол берген.

▪️Азаматша Г. сотта берген түсінігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.

▪️Сот қаулысына сай азаматша Г. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған