▪️Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

▪️Іс құжаттарына сәйкес азамат Е. Арал аудандық сотының бұйрығымен өндіріп алушы И-дың пайдасына алимент төлеуге міндеттенген. Алайда, Е. алимент төлеуден жалтарып, сот актісін орындамаған. Оның бүгінгі күнге алиментке қарызы 3,5 миллион теңгеден асып кеткен.

▪️Сот отырысында Е. кінәсін толық мойындап, тұрақты жұмысы болмағандықтан алимент төлеуге мүмкіндігі болмай жүргенін көрсеткен.

▪️Сот қаулысымен Е. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 20 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған