▪️Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Азаматтық құқық және процесс» секциясы бойынша семинар өткізілді.

▪️Семинарға Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Жақсылық, облыстық соттың судьялары, қалалық соттардың төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс жүйесі арқылы қатысты.

▪️Алқа төрағасы Ж.Жақсылық семинарды ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, талқыланатын мәселелердің өзектілігін атап өтті.

▪️Қызылорда облыстық сотының судьясы Н. Еламанов «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері» бойынша баяндама жасап, азаматтардың соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдеріне тоқталып өтті.

▪️Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған