Тарихқа үңілсек 1920 жылы сол уақыттағы Перовск уезінде құрамы 3 адамнан тұратын әлеуметтік қорғау бөлімі жұмыс жасаған. Онан бері бірнеше рет атауын, құрамын өзгерте отырып бұл саланың құрылым аясы да, жұмысының ауқымы да кеңейген. 1938 жылдан бастап әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі облыстық деңгейге көтеріліп өз жұмысын жалғастырып келеді.

Әлеуметтік қорғау саласының ауқымы кең, бұл сала зейнеткерлік тағайындау, мүгедектік тағайындау, бірыңғай зейнетақы жүйесін сақтандыру қорының бағыттарын қамтиды.

Соның ішінде 2008 жылдан бастап Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы болып аталған мекемеде халықты жұмыспен қамту, тұрмысы төмен отбасылары мен ардагерлерді, жазасын өтеп келген және пробация есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бар адамдарға оңалту шараларын жүргізу, шетелдік жұмыс күшін тарту, қандас мәртебесін беріп, оларды бейімдеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында облыс әкімінің қатысуымен Еңбек күніне арналған «Адал еңбек-адал азамат» салтанатты шарасында қаншама еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Жыл басынан Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, Ашық есік күндер ұйымдастырылуда.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған республикалық «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» байқауының өңірлік деңгейін өткіздік. Өңірлік жеңімпаздар Астана қаласында өткен республикалық деңгейге қатысты. Соның ішінде Қызылорда облысы байқаудың «Үздік әлеуметтік педагог» номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылды. Бұл үлкен мәртебе, әлеуметтік қорғау саласының жұмысына берілген баға. 

Жалпы Басқарманың 9 айда атқарған жұмыстарына қысқаша тоқталып өтсем, «2025 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде 46560 жұмыс орнын құру жоспарланса, бүгінгі күнге 33546 адам жұмыспен қамтылды.

 «Электронды еңбек биржасы» порталы арқылы онлайн-оқудан – 30843 адам өтті (30127 сертификат алды).

– қысқа мерзімді курстарға 105 жұмыссыз жолданды.

Жыл басынан бері облыс бойынша 88 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 1091 жұмыс берушілерден 4754 бос жұмыс орындары ұсынылды. 1038 адам тұрақты және 1008 адам уақытша жұмысқа орналасты.

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы бағыты шеңберінде Солтүстік өңірлерге 320 адам бар 80 отбасы қоныс аударды.

Солтүстік Қазақстан облысына 31 отбасы, яғни 126 адам, Қостанай облысына 20 отбасы, яғни 80 адам, Шығыс Қазақстан облысына 6 отбасы, яғни 19 адам, Павлодар облысына 21 отбасы, яғни 82 адам, Ұлытау облысына 2 отбасы, яғни 13 адам көшті.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша 4 123 отбасына 1 720,5 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек және отбасыларындағы бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі 6 622 балаға 223,4 млн.теңге қосымша төлем төленді.

Әлеуметтік келісімшарт негізінде көмек алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды жастағы 364 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Олардың 194-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, 76-ы қоғамдық жұмысқа жолданды, 2-і әлеуметтік жұмыс орнына жолданды, 5-і жастар тәжірибесіне жолданды, 2-і қайта даярлаудан өтті, 85-і кәсіпкерлік бастамаларды ынталандырудан өтті.

Тұрғын үй көмегі бойынша аз қамтылған отбасыларына коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегін көрсетуге 2025 жылға бюджеттен 190,2 млн. теңге қаражат бөлінді. Есепті кезеңге 783 отбасына 53,9 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі төленді.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 8 733 адамға 936 072,8 мың.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді.

Бюджеттен тыс көздерден көмекке мұқтаж халықтың әлжуаз топтарынан шыққан 10 835 адамға 269,4 млн.теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Қызылорда облысында 34 768 мүгедектігі бар адам тіркелген.

I-ші топта 4480, II-ші топта 10597, III-ші топта 12718 адам бар. Оның ішінде 6973-і 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 28578 адам техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді (90,6 %).

Облыс көлемінде 2023-2027 жылдарға 1830 әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеуден өткізу жоспары белгіленді.

2025 жылы мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру, транспорт, жеке сектор, әлеуметтік және спорт саласы бойынша 360 объектілерінің бейімдеу жоспарланып, есепті кезеңге 244 объектіге толық бейімдеу жұмыстары жүгізілді.

Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1032 мүгедектігі бар адамдар жұмыспен қамтылды.

Басқармамен 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

 «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту және шетел жұмыс күшін тарту.

14 адамға (11 отбасыға) қандас мәртебесі берілді және 2022 жылы қандас мәртебесін алған 2 адамның қандас мәртебесі ұзартылды.

Өзбекстан Республикасынан 12 адам, Қытайдан 1 адам, Түркіменстан Республикасынан 1 адам.

Шетел жұмыс күшін тартуға 598 бірлік квота бөлінген.

Облыста бірлескен 40 кәсіпорын жұмыс атқарады. Ондағы қазақстандық мамандардың саны 8237 адам. Рұқсатпен 351 шетел азаматтары, оның ішінде 294 қытайлық, 4 сербиялық, 3 украиналық, 48 түркиялық, 1 түрікменстандық, 1 ливандық жұмыс атқарады.

Басқармаға қарасты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары 2 жарым мыңнан астам адамға әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді.

Жалпы аймағымызда 2000-нан астам әлеуметтік қызметкерлер жұмыс жасауда.

Облыста «Еңбек мобильділігі орталығы» мен «Мансап орталықтары» облыстың еңбек нарығын үйлестіруде.

Облыс әкімінің қолдауымен Қызылорда қаласы мен аудандарда құрылған «Отбасын қолдау орталықтары» мемлекеттен көрсетілетін көмектерді жүйелендіріп, демеушілермен бірлесіп қайырымдылық жұмыстарын жүргізуде.

Әлеуметтік қорғау саласына Үкіметтік емес ұйымдар да өз үлесін қосуда.  Биылғы жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Үкіметтік емес ұйымдар арқылы  14 жоба іске асырылуда.

100 жылдық тарихы бар мекемеде бүгінгі күні 40-тан астам қызметкер жұмыс жасауда, аймағымызда 2000-нан астам әлеуметтік қызмет көрсетуде.

Ж.Дәулетбаева

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары

(брифингтен әзірленді)

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған