▪️Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жоспары аясында Жалағаш аудандық сотында сот қызметкерлері арасында «Біз Абайды білеміз бе?» атты танымдық сайыс ұйымдастырылды.
▪️Шараның мақсаты – Абайдың рухани мұрасын насихаттау, сот қызметкерлерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
▪️Жалағаш аудандық соты әкімшісінің басшысы А.Алтынбаев шараны ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, Абайдың шығармалары мен қара сөздеріндегі адамгершілік пен парасаттылықтың мәнін ерекше атап өтті.
▪️Сайыс барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, қара сөздерінен үзінділер оқып, өздерінің білімдері мен тапқырлығын көрсетті.
▪️Сайыс қорытындысында үздік қатысушылар марапатталды. Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Жалағаш аудандық соты