▪️Қармақшы аудандық сотында қарыз ақша өндіру туралы 16 талап қою бойынша тараптар сотқа дейінгі хаттама бойынша татуласып, бітімге келген.
▪️Татуластырушы-судья тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен аяқтау жөніндегі құқықтарын түсіндіріп, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігін түсіндірген.
▪️Нәтижесінде, тараптар сотқа дейінгі хаттама негізінде өзара келісімге келіп, дауды реттеу туралы келісімдер жасасып, жауапкерлерге қарыз ақшаны бөліп төлеулеріне мүмкіндік берілген.
▪️Сот ұйғарымдарымен дауды реттеу туралы келісімдер бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Қармақшы аудандық соты