Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен азамат Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы Т. бұған дейін мас күйде көлік тізгіндегені үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.
Сот үкімімен Т. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Арал аудандық соты