Ресми ақпарат: Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралды. Жолдауда Мемлекет басшысы әлеуметтік қолдау саласын реформалау қажеттігіне ерекше назар аударды.

Премьер-министр аталған жұмыс шеңберінде Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкім­діктермен бірлесіп, осы жылдың 1 жел­тоқсанына дейін әлеуметтік қолдау шараларының барлық өңірлерге арнал­ған бірыңғай стандартын әзірлеуді тапсырды.

– «Барлық күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдер мен жәрдем­ақыларды алып тастау керек. Біз әлеуметтік әділеттілікті сақтап, масылдық пиғылды азайту үшін шаралар қабылдайтын бола­мыз. Үкіметтің міндеті – барлығына бірдей жағдай жасау, ал азаматтар жұмыс істеп, өзін және өз отбасын асырауға ұмтылуы керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ол үшін цифрландыруды және жасанды интеллект технологияларын терең енгізу арқылы экономиканың барлық салаларындағы мемлекеттік қызметтерді бақылау мен мониторинг жүргізудің түбегейлі жаңа әдістері жасалуы тиіс екенін айтты. 

Осыған байланысты Премьер-министр тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге тапсырма берді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған