Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігімен азамат А.-ға қатысты іс қаралды.
А. өз үйіне алкогольдік масаң күйде келіп, анасы К.-ның мазасын алып, сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөздер айтып, отбасы тыныштығын бұзған және бұл әрекетті әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш рет қайталап жасаған.
Сотта А. кінәсін мойындап, енді мұндай әрекеттерді қайталамайтынын айтып, кешірім сұрады.
Сотта жәбірленуші анасы К. оқиғаны растап, баласы А.-ға кешірім беретінін көрсетті.
Сот қаулысымен А. ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.
Қазалы аудандық соты