Қармақшы аудандық сотында сотталушы Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 109-1-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық теріс қылық ісі қаралды.

Сотталушы Б. өзінің тұрғылықты үйінің ас бөлмесінде жұбайы С.-мен арасында түсініспеушілік туындап, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында жанжал басталып, нәтижесінде, жұбайының желке тұсынан бір мәрте жұдырығымен ұрып, денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу әрекетін жасаған.

Сотта сотталушы Б. әрекетін толығымен мойындап, жәбірленуші С. оған кешірім беріп, тараптар өзара татуласып, істі өндірістен тоқтатуды сұрады.

ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық теріс қылық жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Сот қаулысымен сотталушы Б. жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.

Қармақшы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған