Талап қоюшы Б. жауапкерлер Р. және А.-дан 3 500 000 теңге қарызды, 702 349 теңге тұрақсыздық айыбын, 42024 теңге мемлекеттік бажды, 34 719 теңге нотариустың қызметі үшін шығынды, 350 000 теңге өкілдің қызметі үшін шығынды өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен аяқтау жөніндегі құқықтары түсіндіріліп, нәтижесінде, тараптар өзара татуласып, сотқа дейінгі хаттама жасау жолымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

Медиациялық келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкерлер талап қоюшыға қарыз сомасын, өкілдің және нотариус қызметтерінің шығындарын, сот шығындарын 2025 жылдың қазан айына дейін толық төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы қарыз ақшаны өндіру туралы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған