Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгінуі туралы нұсқаулығы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы 11 мамырдағы бұйрығымен бекітіліп, 2019 жылғы 24 сәуірде өзгерістер енгізілді.
Құзыретті орган – азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша, сондай –ақ халықаралық шартқа не тиісті мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік мекеме не Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің соты.
Нұсқаулық 3 тараудан тұрады, яғни жалпы ережелер, Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмек сұрап жүгіну деп аталатын тараулардан тұрады.
Нұсқаулық -Қазақстан Республикасы соттарының халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласында шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмек көрсету және құқықтық көмекпен жүгіну тәртібін нақтылайды.
Құқықтық көмек – бір мемлекет сотының басқа мемлекетің құзыретті органдарынан келіп түскен тапсырма немесе өтінішхат бойынша істі сотта қарау немесе сот актісін орындауды тану және шешу үшін қажетті процестік әрекеттерді жүргізу туралы сот құжаты.
Өтінішхат- жеке немесе заңды тұлғаның не соттың басқак мемлекеттің аумағында сот актісін тану және оның орындалуын шешу туралы өтінішпен жүгінуі болып табылады.
Соттар нақты мән-жайларды, сот төрелігі мен жалпы қоғамның мүдделерін негізге ала отырып, заңнамаға және Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес құқықтық көмек көрсетеді.
Нұсаулыққа сәйкес, Соттар әкімшілерінің тапсырмаларды немесе өтінішхаттарды қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот актілерін орындауға байланысты жасалған құжаттарды қарау мерзімі 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тапсырмалар сот отырысы барысында орындалады және хаттама жасалады.
Тапсырма соттылығына жатпайтындығынан сот оны орындай алмаса, онда сот 5 жұмыс күні ішінде тапсырманы аумақтылығы бойынша басқа сотқа жібереді, бұл 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының құзыретті органына хабарлануы тиіс.
Абдраимова Аружан Алдабергенова
Жаңақорған аудандық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы