Экономикалық сот сараптамасының мәні – қаржы-шаруашылық операциялары болып табылады.  Экономикалық сот сараптамасының объектілері сот экономикалық сараптамасына ұсынылған бастапқы және өзге де есептілік құжаттары болып табылады.

Объекті ретінде экономикалық сот сараптамасына зерттеу мәніне жататын құжаттар ұсынылады.

Объектілер, тізімі экономикалық сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда немесе ұйғарымда көрсетілген, тігілген және нөмірленген күйінде ұсынылады.

Экономикалық сот сараптамасының шешуіне сұрақтарды қойған кезде келесі талаптарды сақтау қажет: сұрақтар сот-экономикалық сараптамасының мәніне қатысты болуы тиіс, іс үшін маңызды болуы керек және қылмыстық қудалау органы немесе сот шешпеуі тиіс.

Сұрақтардың мазмұны анықтамалық (мысалы, «кассадан берілетін ақша қандай құжаттармен рәсімделеді?», «еңбек демалысының уақытылы берілуін кім қадағалайды?» және тағы басқа сияқты мазмұндағы сұрақтарды қоюға болмайды) сипатта болмай, сарапшылық зерттеудің қажеттілігін туындатуы тиіс.
Осы сараптама төңірегінде сот – сараптамалық бухгалтерлік зерттеулер жүргізіледі.

Сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу шеңберінде мынадай міндеттер шешіледі:
      материалдық құндылықтар мен қызмет көрсету үшін есеп айырысу операцияларының есепке алуда көрсетілгенін анықтау;
      ақша қаражатын кіріске алынуын, есептелуін, төленуін және есептен шығарылуын анықтау;
      бухгалтерлік есепті жүргізудің бухгалтерлік заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау;
      кассадағы және банк есепшоттарындағы ақша қаражаттарымен жасалған операцияларды зерттеу;
      материалдық құңдылықтармен жасалған операцияларды зерттеу;
      іс үшін маңызы бар өзге де бухгалтерлік операцияларды зерттеу.

Осы сараптаманың шеңберінде келесі сұрақтар шешіледі:
      тауар-материалдық құндылықтар (бұдан былай-ТМҚ) мен ақша қаражаттарын кіріске алу мен есептен шығару бухгалтерлік есеп құжаттарымен негізделген бе;
      зерттеу кезеңіндегі ТМҚ-ның (ақша қаражатының) кем болу (артық болу) сомасы қанша;
      зерттелетін кезеңдегі ақша қаражаттары берешегінің мөлшері қанша;
      зерттелетін кезеңдегі төлемдер бойынша (еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы) берешектердің мөлшері қанша:
      іс үшін маңызы бар және сарапшының құзыретіне жататын өзге де сұрақтар.

А.Бақтиярұлы

Қызылорда облысы бойынша
сот сараптамалары институтының
аға сарапшысы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған