«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетінін хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылдың
26 шілдесіне дейін жүргізіледі және келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осыған орай, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ұсыныс-пікірлеріңіз болса тікелей мекемеге немесе duzrkzo@minagri.gov.kzoэлектрондық мекен-жайына жолдауыңызға болады.

Департаменттің мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №27, 3-қабат, 307-кабинет.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған