«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі № 109-VIII Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қол қойып, аталған Конституциялық Заңға сай, еліміздің астанасында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша құрылады.
Қазақстан Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп бекіткен. Ал бұл Конституциялық қағидаттар бұзылған жағдайда кім болса да өз мүддесін қорғау мақсатында Конституциялық сотқа жүгінуге құқылы.
Ең бастысы, бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болады.
«Кассация (латынша quasso – талқандаймын, қиратамын, cassation – жою, бұзу) деген мағынаны білдіреді.
Кассациялық саты жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарайтын саты болып табылады.
Кассациялық сот – сот істері мен материалдарын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарайды. Азаматтар сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат емес, кассациялық шағым береді.
Төменгі сатыдағы соттың актісі заңсыз немесе негізсіз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот оның күшін жойып, істі жаңадан сот талқылауына жіберуі немесе түпкілікті шешім қабылдауы мүмкін.
Жаңа сот сатысы 2025 жылдың 1-шілдесінен бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша құрылады.
Қорытындылай келе еліміздегі дербес кассациялық соттардың құрылуы заман талабы болғандықтан, адам құқықтарын, ұйымдардың заңды мүдделерін қорғаудың заңдық кепілі және механизмі болып табылады.
Н.Қ.Елшібеков
Шиелі аудандық сотының сот әкімшісінің басшысы