Қызылорда облыстық сотында әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының ұйымдастыруымен семинар өткізілді.
Оған Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова, судьялар Ш. Маликова, К. Каниева, әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Г. Мырзатаева мен аталған соттың судьялары қатысты.
Алқа төрағасы Ж.Оспанова әкімшілік істерді қарау тәжірибесіне тоқталып, сот практикасында жиі кездесетін негізгі мәселелерді атап өтіп, сот төрелігін тиімді жүзеге асыру мақсатында әкімшілік процестің әрбір сатысында заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Әкімшілік істер бойынша сот шешімі туралы» Нормативтік қаулысы талқыланып, аталған қаулының талаптары әкімшілік істер бойынша біркелкі сот практикасы қалыптастыруға бағытталғаны айтылды.
Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.Маликова әкімшілік істерді қарау барысында жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау қағидаттарының сақталуы маңызды екендігін атап өтіп, осы бағыттағы оң өзгерістерге тоқталды.
Семинарға қатысушылар сот актілерін дайындау барысында жоғарыда көрсетілген Нормативтік қаулының талаптарын сақтау қажеттілігін тілге тиек етті.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі