Қармақшы аудандық сотында ҚК-ның 108-1-бабының 1-бөлігіде (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) көзделген қылмыстық терiс қылық жасаған азамат Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Ж. қайын апасының үйіне туған күн кешін тойлауға барып, спирттік ішімдігін ішкен мас күйінде көрші үйдің ауласына қарай барып, қоршауынан аула ішіне секіріп түсіп, алдынан шыққан үй иесі С.-ның көзінен қолымен екі мәрте ұрып-соғып оның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сараптама қорытындысына сай, жәбірленушінің денсаулығына «жеңіл» дәрежелі зиян келгені бекітілген.

Сот үкімімен сотталушы Ж. қылмыстық терiс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 196 660 теңге айыппұл салынды.

Қармақшы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған