Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес азамат С. Арал аудандық сотының 25 қараша 2024 жылғы сот бұйрығымен өндіріп алушы Ж-ның пайдасына балаларын асырап-бағу үшін алимент төлеуге міндеттенген. С-ға сот орындаушысымен атқарушылық құжатты орындау жөнінде ескертулер берілгенімен атқарушылық құжатты орындамаған. Нәтижесінде, борышкердің бүгінгі күнге алиментке қарызы 912 693 теңгені құраған.
Сот қаулысымен С. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.
Арал аудандық соты