Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі бойынша Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Т. бұрын осындай құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкен күйінде жүрген.
Қармақшы аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Т. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 27524 теңге айыппұл салынды.
Қармақшы аудандық соты