Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің106-бабының 2-бөлігінің 7)-тармағымен кәмелетке толмаған сотталушы А.-ға қатысты іс қаралды.

17.01.2009 жылы туылған сотталушы А. 26.10.2024 жылы сағат 20:30 шамасында көше бойында бұзақылық ниетпен, өзімен бірге алып жүрген қайшының бөлігімен оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында кәмелетке толмаған жәбірленуші Д-нің арқа тұсынан бір рет тығып, ауыр дәрежелі дене жарақатын салған.

Сотталушы А.Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 2-бөлігінің 7)-тармағымен кінәлі деп танылып,6 жылға бас бостандығынан айрылды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған