2022 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік  кодексінің 32-бабына өзгерістер енгізілді. Енді азаматтық істі екі тараптың келісімін ала отырып республиканың басқа аймағындағы соттың қарауына ұсынуға болады. Әрбір судья істі сот талқылауына дайындау барысында тараптарға эксаумақтық соттылықтың мәнін, оны қолданудың тәртібін түсіндіреді. Егер тараптар істің эксаумақтық соттылық тәртібінде қаралғанын қаласа, бұл туралы істі қарағанға дейін өтініш білдіруі керек. Азаматтардан өтініш түскен жағдайда ғана іс эксаумақтық соттылықты анықтау үшін ақпараттық жүйенің көмегімен автоматты түрде бір сотқа бөлінеді. Бұл жұмысты «Төрелік» ақпараттық жүйесі бірден қабылдап, жүктемесі аз, дәл осындай істерді қарау құзыретіне кіретін соттарға бағыттайды. Осыдан кейін судья өндірістегі істің эксаумақтық соттылық бойынша қайда бөлінгені туралы бірден анықтама дайындайды. Осы электрондық іс сол күні электрондық қолтаңбамен ақпараттық жүйе таңдаған сотқа жіберіледі. Бұл жергілікті биліктің, тараптардың ықтимал ықпалын азайтады, соттардың тәуелсіздігі мен бейтараптығын арттырады.

Н.Елшібеков

Шиелі аудандық сотының бас маманы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған