Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 2024 жылдың 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында мемлекеттік қызметті кәсібилендіру тетіктері көрсетілген. Онда, кәсібилендіру талант-менеджмент, кадрларды тиімді іріктеу, кәсіби қызметті бағалаумен, оқытумен және әділ еңбекақы төлеу жүйесімен байланысты дағдылар мен білімді жетілдіруге арналған мансаптық ілгерілету сияқты персоналды басқару тәсілдері қамтылған.

Осыған орай, 25 сәуір күні «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Қорқыт ата университетінің ұйымдастыруымен «MANSAP NAVIGATOR ІІ» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен ашық есік күні өткізілді.
Шараның мақсаты – жұмыс берушілер мен жастар арасындағы еркін диалог алаңын қалыптастыру арқылы бос жұмыс орындарымен таныстырып, орналастыру. Жәрмеңкеге қатысушы 500-ден аса азаматқа 26 мемлекеттік және жеке меншік мекеме ұйымдарынан 207 бос жұмыс орындары ұсынылды.

Сондай-ақ, «Ашық есік күні» аясында «М. Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледжі» және «Сырдария Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Нұрсұлтанов» жеке кәсіпкер, «ХАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бітіруші түлектерді тұрақты жұмысқа қабылдау туралы өзара ынтымақтастық меморандум жасалды. Меморандум нәтижесінде бітіруші 3 түлекке тұрақты жұмысқа жолдама ретінде сертификат табысталды.

Онымен қоса, қатысушыларға мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі, оның ішінде, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарын үздік GPA 3.33-тен жоғары бітірген түлектер үшін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат беріліп, қызмет берушілер мен жұмыс іздеуші жастар арасында ашық сұхбат ұйымдастырылып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен қажетті дағдылар талқыланды. Атаулы шара жастардың кәсіби бағыт-бағдарын анықтауға, өз мүмкіндіктерін бағалауға және нақты еңбек жолын таңдауға себеп болды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған