Бүгін Қызылорда қаласындағы «ОРДА» жоғары колледжінде
Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған жастар арасында әскери қызмет өткеруді насихаттау және жастардың патриоттық рухын көтеруге бағытталған кездесу өтті.
Аймақ жастарын әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отансүйгіштік пен патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға 100-ге жуық студент жастар мен оқытушылар қатысты.

Кездесуде Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі әскери қызметтің міндеттілігі мен әрбір азаматтың парызы екендігін жеткізді.
Облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары жастарға бағытталған іс-шараларға белсене қатысуды, бос уақытын тиімді пайдалану жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар, өз кәсібін ашуға ниетті жастарды қолдау, NEET санатындағы жастардың әлеуетін көтеру туралы мағлұматтармен бөлісті.

Сондай-ақ, «Айбын» әскери патриоттық жиыны мен «Жас сарбаз» жастар қозғалысына іріктеу жиындары бойынша толық ақпараттар ұсынылды.
Облыстық Жастар ресурстық орталығы