Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет» деп ата заңымызды белгілеп, даму бағыты айқындалып, жарқын болашаққа қадам басқан мемлекет болып қалыптасып келеді. Осы мемлекетті қалыптастыру қай мемлекеттік қызмет саласы болса да, мемлекеттің сол саладағы саясатын жүргізетін орган болып табылатындықтан, сол саланың кәсіби білікті мамандары даму деңгейінің көрсеткішін жасайды.
Екінші жағынан, мемлекеттік қызмет саласы-халықпен тікелей байланыстағы қызмет екенін ескеріп, халықпен араласу, қарым-қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптасуы маңыздылығын арттырады. Әрбір мемлекеттік қызметшінің бойынан осы қасиеттер табылса, мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол болып табылары сөзсіз.
Сот жүйесінің беделі халықтың оған деген көзқарасы, сенімі арқылы айқындалатындықтан, соттың жұмысы халық үшін қолжетімді болуы шарт.
Сот жүйесіндегі жаңалықтардың барлығы бұқаралық ақпарат құралдары арқасында халыққа еркін түсіндіріледі.
Жылдан жылға жаңа заңдар қабылданып, қабылданған заңдарға түзетулер мен өзгерістер енгізіліп адамдар мен кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін лауазымды тұлғалардың теріс қылықтарынан қорғауды күшейтті, сот төрелігі мен сот қызметкерлерінің сапасын арттыруға жағдай жасады, сот жүйесі мен судьялардың тәуелсіздігін нығайтты.
Сонымен қатар, халық пен билік арасына алтын көпір құру, қоғамдық пікір қалыптастыру-бұқаралық ақпарат құралдарының басты міндеті.
Сондықтан, Қазақстанның тұрақтылығы, бейбітшілігі мен келісімі негізінен олардың азаматтық ұстанымымен тығыз байланысты.
Сот жүйесінің беделі халықтың оған деген көзқарасы, сенімі арқылы айқындалатындықтан, соттың жұмысы халық үшін қолжетемді болуы шарт.
Сотта өтетін іс-шаралар көп жағдайда БАҚ өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылып келеді.Сот жүйесіндегі жаңалықтардың барлығы тілшілер қауымының арқасында халыққа түсіндіріледі.
Судья –сот төрелігін жүзеге асыру барысында судья негізгі тұлға болып табылады.
Сондықтан оларға үлкен міндеттер мен талаптар жүтеледі.Елеміздің әрбір тұрғыны сот жүйесінің ашық, заңның үстем болуын талап етеді.
Кейінгі жылдарда жүргізілген реформалар нәтежесінде сот процестері аудиобейне тіркеу техникалық құралдарын қолдану арқылы өткізілуде.
Нәтежесінде процессуалдық заңнама талаптары сот және де сот процесіне қатысушылар тарапынан қатаң сақталуда. Аудиобейне тіркеу құралдарын сотта қолдану кезеңінен бастап судьялардың сот процесін жүргізу ісі жетілдірілді. Сот жүйесінде электрондық бағдарламалар дамыды.
А.Абызова
Қызылорда қаласының №2 сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы