Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Ш.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы Ш. бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, кофехана алдында жазғы демалыс үстелінің үстінде тұрған жәбірленуші Ж.-ге тиесілі құны 377 000 теңге тұратын ұялы телефонын жасырын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалап, жәбірленушіге мүліктік залал келтірген.
Сот отырысы барысында сотталушы Ш. кінәсін толық мойындайтынын, жәбірленушіге қылмыспен келтірген залалды қайтарып бергенін, жәбірленуші кешірім бергенін, онымен медиация тәртібімен татуласқанын көрсетті.
Жәбірленуші Ж. сотталушыға кешірім бергенін, қылмыспен келтірілген залал қайтқанын, қояр талап-тілегі жоқ екенін, онымен медиация тәртібімен татуласқанын көрсетіп, қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұраған.
Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің талабына сәйкес жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен тоқтатылды.
Қызылорда қаласының № 2 соты