Арал аудандық сотында талап қоюшы К. мен жауапкер У. арасындағы мүліктік дау партисипативтік рәсім (екі тарап адвокаттарының не заң консультанттары палатасының мүшелерінің жәрдемдесуімен дауды реттеу) тәртібімен реттелді.

Талап қоюшы талабында, қазіргі уақытта жауапкермен бірге тұрмауына байланысты  жауапкерден ортақ меншік болып табылатын тұрғын үйден үлесін өндіруді сұраған.

Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында заңнамадағы татуластыру рәсімдерінің тиімділігі мен салдарын түсіндіріп, татуластыру шараларын жүргізген.

Нәтижесінде тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген.

Партисипативтік келісімнің шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшымен өзара келісілген мөлшердегі соманың бір бөлігін қолма-қол беруге, қалғанын бөліп төлеуге міндеттенген, ал талап қоюшы  келісім шарттарын қабылдап, талабынан бас тартқан.

Партисипативтік келісімге талап қоюшының адвокаты мен жауапкердің сенімді өкілі қол қойып, сотқа бекіту үшін ұсынған.

Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6-тармақшасына сәйкес, сот, егер тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Осыған орай, сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған