Азамат Д.К. әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, 2025 жылғы 27 қаңтарда сағат 14.25 шамасында Қызылорда қаласы, М.Шоқай мен Ә.Бөкейхан көшелері қиылысында белгiленген тәртiппен тiркелмеген «Киа Оптима» маркалы мемлекеттік автокөлігін басқарған.

Азамат Р.Қ. әрекеті өз кінәсін мойындауымен қатар, полиция қызметкерлерінің мәлімдемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, Қызылорда облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының анықтамасымен дәлелденіп бекітіледі.

 «Жол жүрісі» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 1,2 тармағына сәйкес, басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген, халықаралық жол жүрісіне қатысатын және Қазақстан Республикасына бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінетін механикалық көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында жасалған немесе Қазақстан Республикасына әкелінген, осы Заңда айқындалатын механикалық көлік құралдары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

Осы Заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген механикалық көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрісіне қатысуына және (немесе) пайдаланылуына тыйым салынады.

Алайда, Д.К.  «Жол жүрісі» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамай, автокөлігін тиісті түрде тіркемей басқарған.

          Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-1-бөлігімен азамат Д.К. кінәлі деп танылып, оған 55048 теңге айыппұл салынды.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық  бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған  соты.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған