Азамат Р. өз автокөлігімен Қызылорда қаласы, Панфилов көшесі бойында орналасқан сауда үйінің тұсында артқа қарай қозғалыс жасау кезінде, жол жиегінде тұрған автокөлікке соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болған орнынан кетіп қалған.
ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігіне сәйкес жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
Жүргізуші Р. әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған кінәсі өзінің мойындау жауабынан басқа, жол-көлік оқиғасының сызбасымен, сотта зерттелген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен бекітіледі.
Азамат Р. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 137 620 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты