Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен барлығы 28 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс келіп түскен.

Түскен істердің ішінен 4 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен, яғни көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ бола тұра көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған. Аталған санаттағы істер қаралып, 4 іс бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалған.

3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен, яғни көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер жасаған. Аталған істер қаралып, құқық бұзушыларға 20 тәулік әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.

ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен, яғни жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы санатында 24 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, олар бойынша құқық бұзушыларға 15 тәулік әкімшілік қамақ және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалған.

Заң қатайса да, көлік құралын масаң күйде көлік басқарғандар азаймай отыр.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған