Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 2-бөлігімен азаматша Т.-ға қатысты іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша Т., Қызылорда қаласы Әбенов көшесіндегі мекенжайда орналасқан «дағдарыс орталығында» кәмелетке толмаған балаларын М., А., және К.-ны тастап, өзі қыдырып кеткен. Яғни, азаматша Т. кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу және білім беру, олардың құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамай, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сотта азаматша Т. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, әрекетіне өкінетінін, енді қайталанбайтынын көрсетті.

Сот қаулысына сай азаматша Т. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 41286 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған