Фото: Taspanews

Алматы облысындағы аңшы құстар додасы қайта бастауын алды. Қыс таяп қалды, алайда Алматыға қар түсіп қойды. Қар жауса, аңшылық бастау алатынын ескерсек, Сонар-2024 ұлттық аңшы құстар додасының уақыты да келіп жеткен екен. Осы орайда қазақтың төл ісі – құсбегіліктің көрінісіне Taspanews.kz тілшісі Қиябаев Мәулетхан көрермен болып қайтты.

Алатау тауының бөктері, Төле би ауылындағы сайысқа 13 облыстан бөлек, Қырғызстан мен Моңғол елінің құсбегілері ат салысты. Қатысушылар саны 80-нен асты. Баптаушысымен бірге ең басты кейіпкерлер – бүркіттер, қаршыға мен ителгілер шықты.

Турнирдің барысында құстардың сыртқы келбеті мен ұшу жылдамдығы, олжаны іліп әкету дағдылары бағаланды.

“Қаршыға” турнирінде 1 орынды Сейітжан Бексұлтан мен оның баптауындағы құс алды. Оның құсбегілігімен Алматы облысынан “Ақниет” қаршығасы басып озды.

Ителгі арасындағы жарыста Қарағандылық аңшы құс алға шықты. Баптаушысы – Танат Оспанқұлов.  

Бүркіттер арасында “Ақбас” құс аса қырағылығымен ерекшеленді.

Құс пен құсбегі арасындағы байланыс, шынымен-ақ, тәнті етеді. Бір-бірін ыммен түсініп жатқандай. Өмірінде бірінші рет құстың олжаға түскенін көргендер бұл күні қаншама. Оның ұшқырлығы, алғырлығы, өзінің олжасынан айырылмай соңына дейін барғаны ұмытылмас әсер қалдырған болар, сірә…

Авторлар: Қиябаев Мәулетхан, Амирова Дана.

Ақтапар көзі:https://kaz.taspanews.kz/zhanaliktar/almaty-oblysynda-sonar-2024-ulttyk-anshy-kustar-dodasy-otti-753011899853/

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған