Қала  тұрғыны А. есімді әйел «N» дүкенінен жалпы сомасы 4 500 000 теңге болатын жиһаздарға тапсырыс берген.

Жиһаздарды алу үшін 2 000 000 теңгені  банк арқылы  алты ай мерзімге бөліп төлеу арқылы несие рәсімдеп, қалған 2 500 000 теңгені қолма-қол дүкен иесіне табыс еткен. 

Арада бірнеше күннен кейін бағасы  750 000 теңге тұратын шкафты әйелдің  үйіне әкеліп,  орнатып берген.

Дүкеннің өкілдері қалған жиһаздарды Туркиядан алдыртуға тапсырыс бергенін айтып, екі ай мерзімде үйге әкеліп орнатып береміз деп уәде берген. Алайда, уәде етілген уақыт өтіп кеткеніне қарамастан, дүкен жиһаздарды әкелмеген.

Әйел жиһаздарға жұмсаған ақшасын өндіріп алу туралы талаппен Қызылорда қалалық сотына жүгініп, дүкен иесі ақшасын қайтару туралы өтінішке  құлақ аспай отырғанын көрсеткен.

Сотта жауапкер талапты мойындаған.

Сот істі оңайлатылған  іс жүргізу тәртібімен жеке-дара қарап, жауапкер «N» серіктестігінің дүкенінен талап қоюшының пайдасына 3 750 000 теңге, сонымен қатар, 37 500 теңге мемлекеттік баж, 50 000 теңге өкілдің қызметіне төленген шығысы, барлығы 3 837 500 теңге өндіру туралы шешім шығарды. Осылайша, тұтынушының ақшасы қайтырылып, құқығы қорғалды.  

Тұтынушылардың құқығы заңмен қорғалған. Дегенмен, көп жағдайда тұтынушылар заң нормаларын білмегендіктен, құқықтары бұзылып жатады.  

Тұтынушы ретінде құқығыңызды қорғау үшін затты сол дүкеннен сатып алғаныңызды растайтын құжатты алуыңыз керек. Қажет болған жағдайда, сол растайтын құжатты қолдана аласыз.

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған