Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Б. жәбірленуші Г.-мен (жұмыс беруші) келісім негізінде шаруа қожалығына күзетші болып жұмысқа орналасқан. Қызметтік міндеттерін атқару барысында ол шаруа қожалығының аумағындағы тасымалды трансформаторлық түзеткіш пен мыс кабелін жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Нәтижесінде, жәбірленуші Г.-ге 584 000 теңге мүліктік шығын келтірген.
Басты сот талқылауында жәбірленуші Г. өзіне келген шығын бойынша 180 000 теңге қайтарылғанын көрсетті.
Сотталушы Б. өзінің кінәсін толық мойындайтынын, шын жүректен өкінетінін, алдағы уақытта қайталамайтынын көрсетті.
Сот үкімімен сотталушы Б. ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, негізгі жаза мерзімі қысқартылып, оған түпкілікті 9 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Азаматтық талап қою бойынша жәбірленушінің пайдасына 404 000 теңге өндірілді.
Қызылорда қаласының №2 соты