Banner

Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасымен және Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының  ұйымдастыруымен  «Сайлауға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерінің сайлау құқықтарын қорғау туралы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті. 

Шараға Қызылорда облыстық соттың төрағасы Ә.Шығамбаев, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төраға міндетін атқарушы Ш.Маликова, облыстық соттың судьялары К.Қаниева, М.Тоғызбаева, облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төраға міндетін атқарушы Г.Мырзатаева. осы соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.

 Шараны облыстық сотының төрағасы ашып, қатысушыларды күн  тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

Облыстық сотының судьясы М.Тоғызбаева «Қазақстан Республикасы Сайлау туралы Конституциялық заңының Құрылтай депутаттарының сайлауы барысында қолдану ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төраға міндетін атқарушы Г.Ж.Мырзатаева  «Сайлауға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерінің сайлау құқықтарын қорғау туралы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері мен мерзімдері» тақырыбына тоқталып, бірқатар мәселелерді атап өтті.  

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған