Banner

Қызылорда облысы бойынша билер кеңесінің төрағасы Нұрсейітов Зейнулла Әлімжанұлы Жаңақорған, Жалағаш, Сырдария аудандарына жұмыс сапарымен барып, сот ұжымымен және билер кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесулерге аудандық сотының төрағалары мен судьялары, сот әкімшісінің басшылары және аудандық билер кеңесінің төрағалары мен билер кеңесінің мүшелері қатысты.

Кездесу барысында З.Нұрсейітов дауларды бітімгершілікпен реттеу, қоғамдағы дауласу деңгейін төмендету бағытында билер кеңесіне маңызды міндет жүктеліп отырғанын айта келіп, билер кеңесінің негізгі міндеттері мен мақсаттарына  тоқталды. Одан бөлек, қоғамдағы бірлікті нығайтудағы билер кеңесінің рөлі, дауларды сотқа дейінгі тәртіпте реттеу жолдары талқыланды.

Сонымен бірге, билер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланып, алдағы іс-шаралар айқындалды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған