Қармақшы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен сотталушы шетел азаматы Н.- ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Н. жүк көлігін «Шымкент-Самара» тас жолымен басқарып келе жатып, бір бағытта келе жатқан жүк көлігін басып озамын деп, жолдың қарсы жүру бөлігіне шыққан сәтінде қарама қарсы бағытта өз жолымен келе жатқан көлік құралымен соқтығысып, нәтижесінде жүргізуші дене жарақаттарын алып, ол көліктегі жолаушы шетел азаматы оқиға орнында көз жұмған.
Сотталушы тағылған айыпты мойындап, рульдік басқару жүйесіне ие бола алмай қалғанын, жол көлік оқиғасы абайсызда болғанын, жасаған іс-әрекеті үшін өкініп, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айрыла отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қармақшы аудандық соты