Теміржол көлігі арқылы халықаралық және аймақаралық жүктер мен жолаушылар тасымалының негізгі бөлігі жүзеге асырылады. Нақты әрі үздіксіз жұмыс істейтін көліктік кешені болмайынша ел экономикасы ойдағыдай дами алмайды. Жаңа Қазақстанның заманауи экономикасының қалыптасуында теміржол көлігінің орны да маңызы да зор.
Осы орайда ақпараттық насихаттау тобының өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын локомотив депосының маман иелеріне түсіндіру мақсатында кездесу өтті.
Кездесу барысында елімізді одан әрі дамыту үшін негізгі 5 бағдарды атап өтіп, осы бағдарларға қатысты атқарылатын жұмыстарды жүйелеп, экономикалық-әлеуметтік дамудың тетіктері мен жасалатын нақты істерге тоқталды. Өз кезегінде Жаңа Қазақстанды құру мен жаңғыру жолына бағыттайтын жаңа Жолдау партияға да айрықша жауапкершілік пен үлкен міндеттер жүктейді. Бұл тұрғыда жаңару үстіндегі «AMANAT» партиясы да Мемлекет басшысының барлық бастамаларын толық қолдайды және ұсыныстарына ұйытқы бола отырып, оларды іске асыруға белсенді қатысатын болады» деді облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Тлес.
Мемлекет басшысының «Қазақстан теміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады» деп Жолдауда айтқан сөзін тілге тиек етіп, бұл міндеттер теміржол саласына жауапкершілік жүктейтінін айтты.
-Әлемдік үздік логистикалық компаниялардың тартылуы Қазақ теміржолында алдағы уақытта үлкен өзгерістер болатынын көрсетеді. Сондықтан сала қызметкерлері тек еліміздің ғана емес Азия –Еуропа арасындағы елдердің де транзиттік жүктеріне сапалы әрі қауіпсіз қызмет етуі керек- деді «AMANAT» партиясы Теміржол филиалының Атқарушы хатшысы Базара Танбаева.
Жолдауды тыңдаған локомотив депосының машинистері тарихы құжатта алға қойылған жаңа міндеттер туралы пікірлерін ортаға салды.
Жиынға қатысушылар бірауыздан Президент Жолдауындағы бастамаларды қолдай отырып, іске асыруға белсенділік танытатындарын айтып тарқасты.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған