Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жариялады.Ел Президентінің бүгінгі Жолдауы халқымыздың әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершіліктерін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйіткілді мәселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталған.2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңге болады. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез-келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етті. Бұл өз кезегінде жас ұрпақтың болашағын ойлау деп білемін. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы.Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын – деді Мемлекет басшысы. Референдум – азаматтық қоғамның беделі мен халыққа деген сенімнің көрсеткіші деп білемін. Бұл өз кезегінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының форматы.

Құрметті жерлестер! Қадірлі ағайын!Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген мәселелерді көтеріп, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берді. Осы жолдау халықтың көңілінен шықты деп айта аламын. Ендігі кезекте біздің ауызбіршілік маңызды. Әділетті Қазақстан жолында баршаңызды бір болып, ел игілігі үшін жұмыс жасауға шақырамын!

БАЗАРБАЙ Еркін,

Қызылорда қалалық мәслихатындағы AMANAT партиясының фракция мүшесі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған